«Алаңдауға негіз жоқ»
Облыс бойынша бүгінге текті астықты алқаптың 75 пайызы жиналды. Ал «Иволга-Холдинг» компаниясы барлық егіннің 62 пайызын қамбаға құйып алған. «Енді бір он күн ішінде олардың егінді түгел жинап алуға мүмкіндігі бар,-деді облыс әкімі Н.Садуақасов.

-Бір түйір дән қар астында қалмауы тиіс. Ол үшін диқандар бір-біріне қол ұшын беруі қажет,-деді ол аппарат мәжілісінде.
Айбек Кәдірұлы