Жаңа басшы тағайындалды

Қостанай облысындағы көліктік бақылау инспекциясына жаңа басшы келді. Бұл қызметке Арапбаев Жолдасбек Қамбарұлы тағайындалды. Бұған дейін ол облыстық техникалық реттеу және метрология комитеті департаментін басқарған еді.  76Жаңа басшыны Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрлігі көлік комиттеті төрағасының орынбасары Нығымеджан Мақажанов келіп таныстырды. 
Жолдасбек Арапбаев – Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Ол 1957 жылы 25 қаңтарда дүниеге келген. Алматыдағы халық шаруашылығы институтының экономика мамандығын 1982 жылы тәмамдаған. Еңбек жолын 1974 жылы Шымкент қаласындағы қорғасын зауытында тасымалдаушы болып бастапты. Кейін «Казоргтехколхозстройда» аға техник-нұсқаушы болып, қалалық азық-түлік саудасы бөлімінің басшысы, сондай-ақ облыстық сауда-саттық басқармасының басшысы болып жұмыс істейді. "Қостанай орманы" РМК-нің директорының орынбасары, Қостанай облысы әкімдігінің "Арқарағай" МКК-нің директоры қызметін атқарған.
2005 жылдан бастап Қостанай облысы бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі бас инспектор, техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің басшысы қызметінде болған.     

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓