Тарихи сұқбаттан түйер тәлім

Облыс  әкімдігінде өткен кезекті аппарат мәжілісі руханият мәселесіне арналды. Дәлірек айтқанда, әңгіме желісі  Елбасының таяуда Ұлытау төрінде қазақ халқының тарихына, дініне, діліне һәм тіліне қатысты берген кең көлемді сұхбатында айтылған ойлар төңірегінде өрбіді.
әкім  -Ел Президентінің сұхбаты негізінен бес тақырып аясында өрб– еліміздің тарихы, діні, тілі, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы, әлемдік ахуалға байланысты Қазақстанның болашақтағы даму бағдары.Осы аталған бағыттардың барлығы бойынша мемлекеттік саясаттың басымдықтары нақтыланған. Бұл өз кезегінде бізге аймақтық деңгейде атқарылатын жұмыстардың ауқымын белгілеуге мүмкіндік беріп отыр. Әрине, бұл бір күнде туындаған немесе бір жолғы шарамен аяқталатын шаруа емес,-деп атап өтті мінберден сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жанділдә Мақанов
Жалпы, өңірде  облыс басшысының тікелей қолдауымен идеологиялық сарындағы  бірқатар істер атқарылып жатыр. Биыл Ыбырай Алтынсариннің Торғайда ашқан мектебіне 150 жыл толды. Сонымен қатар, тың және тыңайған жерлерді игерудің 60-жылдығына арналған шаралар, Соколов-Сарыбай кең байыту комбинатының 60-жылдығы Жеңістің 70-жылдығы қарсаңында Естелік эстафетасы, облыстың белгілі тұлғаларының мерейтойлары – бұл биылғы жылдың еншісіне тиген ауқымды шаралар кең көлемде аталып өтуде.
Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының айтуынша, келешекте атқарылатын жұмыстарды Елбасы сұхбатына сәйкес үш бағытқа топтастыруға болады.
Оның бірінші бағыты – ақпараттық жұмыс.Яғни, облыстық БАҚ-та Елбасы сұхбатында берілген тұжырымдамалық түсініктерге байланысты ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілмек. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде газет беттерінде ұлттық тарих, дін, тіл тақырыбында арнайы айдарлар ашылып, бірқатар сюжеттер мен бағдарламалар әзірленуі тиіс. Осы орайда, редакцияларда қалыптасқан игі дәстүрлердің ұтымды тұстары кәдеге асатын болады. Мәселен, «Қостанай таңы» облыстық газетінің тарихи, танымдық, руханият тақырыбындағы материалдары «Қостанай таңының» кітапханасы» деген арнайы сериямен кітап ретінде жарық көріп келеді. Күні бүгінге дейін «Тұмарымыз Түркістан», «Біздің елдің жігіттері» атты кітаптар оқырманға жол тартты. Алдағы уақытта бұл бастама жалғасын тауып, еліміздің, жеріміздің тарихына, облыстың жылнамасына қатысты деректер жинақталып, оқырмандарға ұсынуға болады. Оның үстіне алдағы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70-жылдығы сияқты елді еріксіз ұйытып, барлық мүдделі тараптарды бір арнаға тоғыстыратын ерекше тарихи даталар аталып өтілме.
  -Әрине, қоғамда руханият мәселесінің алар орны қомақты.  Мемлекетімізді нығайта түсу және  халқымыздың тарихын түгендеу жолында мұның септігі зор.Сондықтан, уақыт ұттырмай, Елбасы сұхбатында көрсетілген міндеттерді нақты жүзеге асыруымыз қажет,-деп ой түйді облыс әкімі Н.Садуақасов.
 
Айбек Кәдірұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓