Құмар Ақсақалов: “Кәсіпорындардың дамуына қашанда қолдау болады”

Облыс басшысы Қ.Ақсақалов Федоров ауданына сапарын Воронеж ауылдық округінен бастады. Мұнда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен жүздесіп, елді мекендерді көркейту, халық тұрмысын жақсарту турасында пікір бөлісті.
Аталған ауылда қазір 70 жер пайдаланушы жұмыс істеп келеді. Оның ішінде 10 ірі шаруа қожалығы бар. Елді мекеннің облыс орталығына жақын әрі республикалық маңызы бар тас жолдың бойында орналасқанын ескерсек, жаңа өндіріс орындарын ашуға, кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік мол. Облыс әкімі тауар өндірушілерге осы мәселені назарға алуды айтып өтті.
«Мысалы, Копыченко кентінде «Промбаза-7» ЖШС кәсіпорны бар. Онда жылына 7 мың тоннаға дейін өсімдік майын (тазартылмаған және тазартылған) өндіретін толық автоматтандырылған зауыт жұмыс істеп тұр. Мемлекет субсидия және жеңілдікті несиелер беру арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік құруға ынталандырып отыр. Жұмыссыздықты азайтуға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретін инвестициялық жобаларды іске асыру бағытталған осындай кәсіпорындардың дамуына қолдау қашанда болады», – деді Қ.Ақсақалов.
Ауыл тұрмысы жақсаруының бір көрінісі – сапалы ауыз сумен қамтылуы. 2020-2022 жылдары жалпы сомасы 842,8 млн теңгеге Придорожное (596 адам), Успенов (690 адам) ауылдарына су құбыры тартылды, осылайша 80% немесе 280 абонент орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Облыс әкімі алдағы жылдары ауылдарды сумен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу көзделіп отырғанын айтты. «Бұл – біздің басты мақсатымыз» деді ол.Воронеж мектебіне жылу жүйесіне 2020-2021 оқу жылында жөндеу жүргізілген еді. Оған 27 млн теңге жұмсалған. Сонымен қатар, 13,5 млн теңгеге терезелері мен шатыры ауыстырылған. Әлі де істелуі тиіс жұмыстар бар. Әкімнің халықпен кездесуінде бұл жағдай да айтылмай қалмады. Биыл 42 млн теңгеге оқу ошағына ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓