Ы.Алтынсаринді еске алды

Кеше Қостанайда жүгірістен қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсаринді еске алуға арналған дәстүрлі Изображение 2 397жарыс болып өтті.
Бұл өңірдегі барлық жеңілатлетика спортының маусымжабары ретінде Изображение 2 424ұйымдастырылды. Таңертеңігі 9.00-де сап  қала орталығындағы Ақ мешіт маңында  сап түзеген желаяқтар Тобыл өзенін қиып өтіп, Мичурин ауылындағы Ы.Алтынсарин кесенесіне дейін жүгіріп барды.Жарысқа қатысушылар ағартушы кесенесіне гүл шоқтарын қойып, тәу етті.
Изображение 2 412 Жарыс үш бірдей қашықтық бойынша ұйымдастырылды. 21,1 шақырымға жүгірген желаяқтар арасында 20 Изображение 2 408жастағылардан бастап 70-тен асқан қариялар да бар. Сондай-ақ, сегіз және екі шақырымдық белестер де бағындырылды.
Айта кетейік, бұл жарыс Ыбырай Алтынсариннің Торғайдағы өз қолымен іргетасын қалаған тұңғыш мектептің 150 жылдық торқалы тойымен тұспа-тұс келді.
 
Айбек Кәдірұлы
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓