Әкімдер рейтингі жолдардың сапасына қарап жасалады

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов еліміздегі жергілікті жолдарға қатысты мәселе көтерді. Оның айтуынша, Қазақстан жол сапасы жағынан әлемде 93-ші орында тұр, деп хабарлайды Экспресс К.
Әрбір әкім өңірдегі жолдардың жай-күйіне тікелей жауапты. Жол-көлік инфрақұрылымын жобалау және салу кезінде жаңа құрылыс материалдары мен заманауи технологиялар аз қолданылады. Бұл жолдардың сапасы мен оларды жөндеу-салу мерзіміне де әсер етеді,
— деді Үкімет басшысы.
Бұл ескертпеге Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жауап берді. Оның айтуынша, жаңа заң жобасы талқыланып жатыр. Оған сәйкес болашақта әкімдер рейтингі автомобиль жолдарының сапасы бойынша өлшенеді.
Біз заң жобасына осындай ереже қосайық деп ұсыныс жасадық. Себебі халық республикалықтан гөрі, жергілікті жолдардың сапасына наразы. Міне енді әкімдер осы жұмысқа тікелей жауап береді. Яғни облыстағы жөнделген жолдың әр шақырымы үшін баға алады,
— деді министр.
Жалпы Индустрия министрі Қайырбек Өскенбаев еліміздегі жолдардың сапасы үшін қатты кіріскен сияқты. Мәселен, ол бұған дейін заң жобасына сапасыз жол салғандарды қылмыстық жазаға тартуды ұсынды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓