Облыс әкімінің құттықтауы
ҚҰРМЕТТІ ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР!
Сіздерді Астана күнімен, Елордамыздың 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!Астана – қазақстандықтардың мақтанышы. Осыншалық жастығына қарамастан, ол бүгінгідей еңселену барысында қиын да сындарлы жол кешіп өтті. Мұның бәрі Ұлт Көшбасшысы – Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қайраткерлігі мен әр қазақстандықтың табанды еңбегінің нәтижесі.
Астана аз ғана мерзімде айшықты ажары мен қайталанбас архитектуралық нақышы бар заманауи, ықшам, серпінді даму жолына түскен қалаға айналды және халықаралық аренадағы Қазақстанның даму символына, брендіне ұласты. Астана көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағының нышаны іспетті.
Бүгінгі таңда әсем астанамыз республиканың әр қаласы мен облыс орталығы үшін жарқын үлгі-өнеге болып отыр. Жас Астананың жайнай түсіп, әлемнің көркем астаналарының біріне айналуын тілеймін!
Қымбатты жерлестер, осынау мереке күні сіздерге зор денсаулық, береке-бақыт және егемен еліміздің одан әрі гүлденуіне қосып жатқан еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Астана күні құтты болсын!
Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов