Жұмасқалиевтің жүлдесі
Қостанайда «Тобыл» футбол командасының капитаны Нұрбол Жұмасқалиевтің жүлдесі үшін футболдан 2001 жылы туған жасөспірімдер арасында турнир болып өтті.
Жарысқа облыс орталығындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің, сондай-ақ Қостанай ауданы және Рудный қаласының командалары қатысты. Екі топқа бөлінген сегіз команда үш күн бойы Жұмасқалиев жүлделерін өзара сарапқа салды.Нәтижесінде жүлделі бірінші орынды ҚБЖСМ командасын 6:0 есебімен ойсырата ұтқан «Тобыл» футбол орталығының командасы жеңіп алды.
Айта кету керек, турнир жеңімпаздары Ресейдің Сочи қаласында өткен «Кока-Кола Былғары доп» халықаралық турнирінде ел намысын қорғап қайтқан болатын.
Сонымен, Н.Жұмасқалиев турнирінің «Үздік қақпашысы болып Арнас Қазымбеков танылды. «Ең үздік қорғаушы» жүлдесі Андрей Замеревке бұйырды. «Үздік жартылай қорғаушы» болып Достияр Мирасов танылды. Ал турнирдің ең үздік ойыншысы жүлдесі Руслан Ибраев жеңіп алды.
Айбек Кәдірұлы