Жерлесіміз – қола жүлдегері
Сарыкөлдік Лаура Әлмағанбетова жақында Босния және Герцеговина астанасы – Сараево қаласында еркін және әйелдер күресінен өткен кадеттер арасында әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.
38 келіде сынға түскен жерлесіміз Лаура алдымен Польшадан келген қарсыласынан 10:0; кейіннен Ресей елінің балуан қызынан 7:2 есебімен басым түсті. Ал,финалдық кездесуде жапон спортшысына жол беріп қойды. Есесіне, «қола үшін» күресте болгариялық қарсыласын 10:0 есебімен ойсырата ұтты.
Қазақстан құрамасы атынан шыққан жерлесіміз облыс бойынша әлем чемпионатында қолаға қол жеткізген алғашқы спортшы. Бұған дейін ҚР чемпионатының алты дүркін жеңімпазы және Азия чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері дәрежесін иеленсе, енді міне, әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанып отыр.
Жалпы, талантты спортшы Лаура Әлмағанбетова бүгінде Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің студенті. Аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Марат Жұмабаевтың шәкірті.
-Бұл чемпионат жыл сайын дәстүрге айналған. Былтыр Сараево қаласында сынға түскенімде бесінші тұғырға тұрақтадым. Сол сәтте әлемнің үздік үштігінің құрамына кіру үшін алдыма мақсат қойдым. Биыл сол арманым орындалды, – дейді еркін күресті меңгерген Лаурадай ерке қыз.
Бізде, жерлесімізді жоғары наградасымен құттықтап, алдағы уақытта да ірі жеңістер тілейміз!
Руслан ӘЛКЕЕВ,
Сарыкөл ауданы.