“Тобыл” ФК жабылуы мүмкін

Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы аукциондық саудада сатылмаса, өз жұмысын тоқтатуы мүмкін. Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы басшысының орынбасары Алма Жүсіпованың түсіндіруінше, егер «Тобыл» ФК мемлекеттік үлесін сату бойынша үшінші рет өтпей болмай қалса, «Тобыл» ФК ыдырайды. 20160921_08_06_23_81671Бұған дейінгі бәссаудалар сәтсіз аяқталған. Саудаласу мерзімі ұзарғандықтан, қазір үшінші бәссауда қарсаңында жергілікті билік ықтимал сатып алушыларға тартымды ұсыныстар жасауға тырысуда. Алма Жүсіпованың айтуынша, ФК мемлекеттік үлесінің құны 25 млн теңгеге бағаланған, ал сауда жеңімпазына 1 жылда немесе үш жылда есеп айырысу жайлы таңдау құқығы беріледі. Аукцион 29 желтоқсан күні өтеді.
 
Қазақпарат
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓