Қоржында қос жүлде

Самбодан өткен ел Кубогында ЖҚАЖ (СОБР) инспекторы, полицияның аға лейтенанты Асқар Абдулла облыс қоржынына алтын медаль салса,  ЖҚАЖ инспекторы Сая Әуелбекова күміс жүлдеге ие болды.
Респбликалық жарыс елдегі самбо және жауынгерлік самбо күресі шеберлерінің басын қосты.
"Жарысқа барлық облыстың спортшылары қатысты. Олардың арасында әлем чемпиондары, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі жарыстардың жүлдегерлері бар. Сондықтан бәсеке оңайға түскен жоқ. Менің жолым Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының спортшыларымен түйісті. Екі жекпе-жекте де жеңіске жеттім", – дейді Сая Әуелбекова.
Саяның халықаралық, республикалық көптеген жарыстардың жүлдегері екенін айта кету керек. Ол арнайы бөлімшеге қызметке жақында орналасқан. ЖҚАЖ командирі, полиция подполковнигі Жәнібек Мұхамеджановтың айтуынша, қыздар бөлімшеге осы жылдан алына бастаған. Қазіргі таңда облыста ЖҚАЖ құрамында екі қыз қызмет етіп жатыр. Сая өзінің спорттық жетістіктерінің арқасында күрделі іріктеуден мүдірмей өткен.
Облыс қоржынына алтын жүлде салған Асқар Абдуллаев та жеңістің оңай келмегенін айтады. Бойдағы бар күші мен қабілетін салып, үздік атанған Асқар осы жарыста спорт шебері нормативін орындады. Енді полицияның аға лейтенанты осы спорт түрінен Әлем кубогында елдің намысын қорғайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓