Жұмыс істемейтін қызметкерге жалақы аударып келген

Қарасу ауданындағы «Балапан» балабақшаның директоры жұмыс істемейтін қызметкерге жалақы аударып отырған, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.  
 
загруженное"Балапан» балабақшасы» МКК қызметіне жүргізілген тексеру барысында ұйым басшысы тарапынына қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану фактілері анықталған", –  деді Рауан Қалабаева. 
Оның мәліметінше, 2014 жылдың 17 қаңтарында балабақша директорының бұйрығы негізінде балабақшаға от жағушы алынған. Алайда, алынған жұмыскер іс жүзінде жұмыс істемеген. Оның орнына басқа біреу атқарып, ай сайынғы жалақы төленіп келген. Сондай-ақ, балабақша директоры мемлекеттік мекемеде басқару міндеттерін атқара отырып,  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының 12 б. 2 бабы бойынша жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған. Көрсетілген факті бойынша балабақша директорына қатысты аудан прокуратурасы тәртіптік өндірісі қозғап, жұмысынан босатылды.
 
Шұға Қоңқабай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓