Басты назарда – баспана мәселесі
Рудный қаласында өткен жылы бұл мақсатқа 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. Енді биылға құрылып отырған жоспар – 60 пәтерлі үй құрылысын аяқтау, Восточный көшесіндегі тағы бір көппәтерлі баспана құрылысын жалғастыру.Сондай-ақ, қала әкімінің мәліметінше, баспана кезегінде тұрған көп балалы отбасылар үшін қосымша 22 жалдамалы пәтерді пайдалануға беру жоспарда бар.
"Рудныйлықтарды алаңдататын үлкен мәселелердің бірі – тұрғын үй кезегін қалай қысқартуға болады? Әрине, 4700 адамдық кезекті бір ғана жалдамалы пәтер құрылысымен шешу мүмкін емес. Әкімдік меншігінде 1600-ден астам жалдамалы пәтер бар. Оларда кім, қанша адам тұрады, оларда жалдамаға берілмей ме әлде бос тұр ма – осы жайттарды анықтау үшін ревизия жүргізуге тапсырма берілді. Мұнымен қоса, шағын аудандарда жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жерлерге қатысты да тапсырма жүктелді", – дейді қала әкімі Қуандық Испергенов.
Кезекте тұрған тұрғындарға үй алудың тағы бір мүмкіндігі "Отбасы" банкінің мемлекеттік бағдарламалары. Атап айтқанда, "Бақытты Отбасы" немесе "Шаңырақ" бағдарламаларының игілі туралы айтылып отыр.