Еңбекақы еселенеді
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде кадр тапшылығы сезіледі. Себебі, сала мамандарының жұмысы ауыр, жалақысы мардымсыз. Мамандар мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсеткен кезде психоэмоциялық және физикалық жүктемесін қатар алып жүреді. Сондықтан, әлеуметтік қызмет саласына кәсіби кадр тарту үшін олардың жалақысы көтерілді. «Биылғы жылдың бірінші қаңтарынан бастап лауазымдық еңбекақыны ұлғайту жолымен әлеуметтік қызметкерлер үшін жалақы көлемі 1,5 есеге, келер жылдың басынан бастап ағымдағы мәннен 1,75 есеге, ал 2023- жылы 2 есеге өседі»,-дейді облыстық жұмыспен қамту дәне әлоеуметтік бағдарламалар басқармасы бапсшысының орынбасары Әлия Жетпісбаева.
Сонымен қатар, медициналық-әлеуметтік мекемелерде әкімшілік және көмекші қызметкерлерінің жалақысын лауазымдық жалақыға қосымша ақыны 30-дан 40 процентке дейін арттыру арқылы көтеру жоспарланған.
Жалғызілікті қариялар, мүмкіндігі шектеулі жандар, оның ішінде ересектер мен психоневрологиялық аурулары бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға қызмет көрсету ерекшелігі ескеріле отырып, әлеуметтік қызметкерлерден жоғары деңгейдегі психоэмоционалдық дайындық, күтім және үздіксіз бақылау, сондай-ақ, оңалту рәсімдерін жүргізу талап етіледі. Жалпы, елімізде 1-ші қаңтардан бастап мемлекеттік ұйымдардағы 38,5 мыңнан астам әлеуметтік қызметкердің еңбекақысы өсті. Оған алдағы үш жылдың бедерінде республикалық шамамен 95 миллиард теңге бөлінбек.