18 шақырымдық кептеліс (БЕЙНЕ)
Қостанай облысында жолды жапқан күртік қардың салдарынан көліктер кептелісі 18 шақырымға дейін созылды. Бұл туралы кешегі кешкі 21.00-ден бері елсізде қалған жүргізушілер хабарлаған, дейді Tengrinews.kz тілшісі.
«Қазір, бәлкім, одан да көп болуы мүмкін. Кешкі 9-дан бері кептетілуліміз, жолда шамамен 500 көлік іркес-тіркес тұр, тіпті, бәлкім, мыңға да жетіп-жығылатын шығар. Жеңіл автомобильдерден гөрі жүк көліктері көп. Мәселе мынада: Әулиекөлден Қостанайға баратын жолды ашық еені айтылды да, кесірінен барлық осы көлік тұйыққа тірелді де қалды. Құтқарушылар кеше келді, набары 40 шақты көлікті алып шығыпты. Бізде жанармай да таусылудың сәл алдында, полицейлер әлі ештеңе деп отырған жоқ», – дейді Расул есімді жүргізушілердің бірі.
Жапа шегушілер жол бойындағы дәмханадан ауқаттануда. Сонымен қатар, Расул оқиға орнынан бірнеше бейнебаян жіберген. Бейнеден көліктердің көбісінің фура екендігін көруге болады.
Ал Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі бұл келеңсіздікті былай түсіндіреді:
"Әулиекөл-Астана" тас жолына полицейлер кезекшілік жасап, көліктерді екі бағытқа да өткізбеуде. Мәселе – жол учаскелерінің бірінде күртік қар жиылып қалған. Ол толық аршылған соң көліктер жолын жалғастыратын болады. Жұмысқа кірісіп кеткен құтқарушыларға көмектің те қажеті жоқ".