Қостанайлықтардың қырағылығының арқасы
Қостанайлық полицейлердің қырағылығы ресейлік әріптестерінің Тройцк тұрғынынан жарылғыш заттар тәркілеуге көмегін тигізді.
Осы жылдың 12 қаңтарында қостанайлық полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жарылғыш заттардың, атап айтқанда, тротил шашкалары мен жандырғыш түтіктердің суреті бар фотосуретке тап болған.
Қостанай облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дереу суретке қатысты дерек жинауға кірісті. Жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қостанайлық полицейлер фотосуреттің Ресей Федерациясының аумағында жасалғанын, сондай-ақ болжалды айыпталушының тұлғасы және жарылғыш заттарды сақтау орнын анықтады.
Бейбіт тұрғындарға тиюі ықтимал ауыр зардаптардың алдын алу мақсатында ақпарат ресейлік әріптестерге жіберілді.
Челябі облысының полицейлері тексеру шараларын ұйымдастырып, осы жылдың 13 қаңтарында Троицк қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады, одан жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларға арналған компоненттер (тротил шашкалары, тұтандыру түтіктері және өнеркәсіптік өндірістің электрмен тұтанғыш құрылғысы) тәркіленді.Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Ербол Дербісовтің айтуынша, Қостанай облысы ПД мен Челябі облысы бойынша ІІМ арасында қылмысқа қарсы күресте шекара маңы ынтымақтастығының жоспары жұмыс істейді, оның шеңберінде екі елдің ішкі істер органдарының өзара іс-қимылы тұрақты негізде жүзеге асырылады. Бұл қылмыстың ашылуы да осындай ынтымақтастықтың берген оң нәтижесі.