Ауқымды міндеттер қойылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылу салтанаты өтті. Онда Президент сессия қатысушыларын сайлаудың аяқталуымен құттықтап, жаңа ауқымды саяси бастамаларды атап өтті. Бұл жолғы бастамалар нақты 7 бағытты қамтиды. Бірінші бағыт құқықтық мемлекетті дамыту және азаматтардың билік органдарына сенімін нығайтуды, мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізуді, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтуды, құқық қорғау органдарының жұмысын барынша өзгертуді, азаматтармен өзара қарым-қатынастың сервистік моделін енгізуді көздейді. Және ҚР Президенті жетінші бағытта адам құқықтарын толық қорғау мәселесіне назар аударады. Президент бастамасының екінші бағыты қуаты әрі инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған. Үшінші бағытта Үкімет экономикалық белсенділікті қолдауға бағытталған контрциклді макроэкономикалық саясатты жалғастыру, фискалды саясатты жетілдіру аясында Салық кодексіне тексеру жүргізу, шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аудару көзделеді. Төртінші бағыт аумақ пен кеңістік тұрғысынан еліміздің теңгерімді дамуын қамтыды.
«Бесіншісі.Қазақстандағы реформалардың басты бағытының бірі – саяси жаңғыру. Осы жаңғырудың негізгі қағидаты – барлық өзгерістерді жалпыұлттық диалог пен мәмілеге сүйеніп, эволюциялық жолмен жасау», – деді Мемлекет басшысы.
 Алтыншы бағытта азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігін арттыру, жастар саясатын жетілдіру және қайырымдылық қызметін қолдау мәселелеріне назар аударды. 
Сондай-ақ, жетінші бағытта адам құқықтарын толық қорғау мәселесіне де тоқталды. Мемлекет басшысы айтқан реформалар адам құқықтарын қорғауға бағытталатын болады. Сонымен қатар қоғамдық бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру азаматтық жауапкершілікті күшейтеді және мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға ықпал ететін болады деген ойдамын. Жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттары халық үшін аянбай еңбек етеді деген сенімдемін.
Дүйсенғали ОСПАНОВ,
«Үміт-Надежда» қоғамдық
бірлестігінің төрағасы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓