Президент: «Күш-жігерімізді тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдыруымыз керек»
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің 1-сессиясын ашық деп жариялады. Мемлекет басшысы Мәжілістің жаңа құрамы алдына шығып, сөз сөйледі. Ол бұрын жұмыс жасаған барлық депутаттарға алғыс білдіре келе, еліміздің дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді. ҚР Президенті барлық күш-жігерімізді тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдыруымыз керектігін баса айтты.
Мемлекет басшысы сайлауда «бәріне қарсымын» деген таңдау енгізуді сұрады. Адам құқықтарын қорғау басты міндетіміз болғандықтан, баламалы пікір және «бәріне қарсы» дауыс беру ұғымы болғанын қолдаймын. Таңдауы жоқтығын ресми көрсетудің өзі таңдау деп санап, перзидент Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлау құқығын қорғауға арналған бөлімімен толықтай келісемін. 2024 жылдың 1 желтоқсанында өтетін Президент сайлауы және 2025 жылдың 26 қазанында өтетін Парламент сайлауында «Бәріне қарсымын» деген таңдауды енгізеді деген ойдамын.
Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізілетінін жеткізді. Басты басымдық – халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру.
Мұнан өзге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуіміз керектігін алға тартты. Осы арқылы саяси партияларлардың бәсекелестігін артады деген ойдамыз. Президент парламенттің алдында қандай міндеттер тұрғанын айтып, Мәжілістің жаңа депутаттарына жаңа міндеттер жүктеді.
Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың: «Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл, ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог» – деген ұстанымы жүзеге асуы шарт. Билік бұқараға барынша жақын болып, Президент Жолдауы жүктеген міндеттерге жауапкершілікпен қарайды деген үміттемін.
Сейітбек Қуанышбаев,
Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ Басқарма Төрағасы – Ректор,
г.ғ.д.
Арқалық қаласы.