Біз Тәуелсіздік ұрпағымыз

65868063_2353116074978089_6560904922252967936_oМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты бүгінгі мақаласы маған үлкен әсер берді. Президентіміздің мақаласында кейбір данышпансымақтардың елімізге қатысты қаңқу сөздеріне нүкте қойды. Қазақ еліне арналған бұл үндеу біздей жастар үшін үлкен тәрбие мектебі болды. 
Әсіресе, «Таным мен тағылым» атты бөлігінде: «Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше. Тіпті, Тәуелсіздікті ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома деп біледі. Бұл – егемендік ұғымы жастардың санасына берік орныққанын көрсететін қалыпты құбылыс. Бірақ Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек», – деп бізге қарата айтқан сөзі біз үшін ұранға айналуы тиіс. 
Әрине, тарихтан белгілі бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Президентіміз де осы туралы шегелеп айтты. Яғни, халқымыз талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткергенін, осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс екендігін жеткізді. 
Сонымен қоса, ол жастардың  тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші екенін сөз етті. Өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалану керектігін айтты.
"Осы орайда Президент жанындағы Жастар кеңесінің қызметін жандандырған жөн. Оны білікті әрі білімді жастарды жұмылдыратын жүйелі жұмыс алаңына айналдырамыз. Бұдан бөлек, мен азаттық жылдарында дүниеге келген, әлі танылып үлгермеген талантты жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындауды ұсынамын, – деді Ел Президенті. 
Шынымен де, Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Президентіміз айтқандай, біз бұл бір ауыз сөзді мәңгі ұранымызға айналдырайық. Қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай берсін!

Руслан Әлкеев,
"Сарыкөл" газетінің бас редакторы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓