Қоғам – жастардың қолында
Жылдың басы еліміз үшін өте маңызды іс-шаралармен басталып жатыр. Оған ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі дәлел. Мемлекет басшысы жолдауында ел әлеуетін көтеруге арналған нақты жобалар жасалатынын көрсетті. Атап айтар болсақ, саяси дамудағы Парламенттің рөлі, әлуметтік- экономикалық дамудағы бизестің бағыт бағдары мен ұрпақтар сабақтастығына баса назар бөлінді. Жаңарған Парламент құрамы еліміздің даму жолын жаңа белестерге шығарары сөзсіз. Бұл өз кезегінде саясатқа жаңа толқын алып келеді деп санаймын. Менің ойымша, әлемдік дамудың бүгінгі талабы өзгеріске, жаңашылдыққа дайын болу керек. Осы ретте 2021 жылғы Парламенттік сайлауы жаңа Қазақстанға жаңа қадам бола алды дер едім.
Бүгін мынаны түйдік: жастарды дамыту индексін енгізу жастар арасындағы негізгі сұраныстар мен трендтерді анықтауға ықпал етеді. Алайда мұның өзі кешенді түрде іске асуы керек деп есептеймін. Оған мына біз, Қостанай өңірінің жастары, айтарлықтай үлес қосқанымыз абзал. Қоғам – жастардың қолында. Тиісінше жас буын бұл жауапкершілікті сезіне білуі тиіс. Мемлекет басшысының айтқаны да осыған саяды.
Рүстем Бейшов, облыс жастарының Алтын кітабы лауреаты