Жөні бөлек жаңашылдық

Екінші бір жақсы жағы – ауыл әкімінің лауазымына өз-өздерін ұсынуға да мүмкіндік туады. Бұл – қолынан іс келетін азаматқа жол ашу. Өзін жетілдіру. Осындай талаптары бар жаңадан енгізіліп жатқан ауыл әкімдерін сайлауға қатысты жаңа өзгерісті құптаймын. Қашанда таңдау көп болғаны дұрыс деп есептеймін. Мұнан кейін ауыл әкімдері халықтың үмітін ақтап, өз міндеттерін абыроймен атқара берсін деп тілеймін. Ел алдында көбірек есеп беріп, атқарған жұмыстары жайында түсіндіріп, кездесулер өткізіп тұрғаны құба-құп.
Дүйсенғали Оспанов,
«Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігінің төрағасы