“Әр азаматтың жарқын болашағы өз қолында”

Сайлау – ел өміріндегі маңызды оқиға. Сондықтан бұл елеулі науқанның маңызын түсінетін әулиекөлдіктер де бүгінгі ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына өз үлестерін қосуға тырысуда. Аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлжан Нұрахметованың айтуынша, сайлау учаскелері ашылған уақыттан бастап, учаскелерге дауыс беру үшін жұрт ағыла бастапты. Мәселен, таңертеңнен сағат 14.00-ге дейін сайлаушылардың 13497-сі, яғни 52,4 пайызы дауыс беріп үлгерген. Сайлау учаскесінің комиссия мүшелері әр сайлаушыны мұқият қабылдауда. Бақылаушылар да дауыс беру процесін  қатаң бақылауда ұстап, сайлаудың әділ өтуін қадағалауда.
-Жалпы аудан бойынша 43 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 5–уі аудан орталығында орналасса, қалғандары ауылдық округтерге бөлінген.  Біздің сайлау учаскесінің де жұмысы мемлекеттік әнұранмен ашылып, сайлау науқаны қарқынды түрде жүріп жатыр. Дауыс беріп жатқан сайлаушылардың белсенділігі де өте жоғары. Осы уақытқа дейін біздің учаске бойынша сайлаушылардың 50,9 пайызы дауыс беріп үлгерді. Тіпті, сағат 6 жарымнан келген сайлаушылар да бар. Ең бірінші келгендер мен алғаш рет дауыс беріп жатқандарға және 10 қаңтарда дүниеге келген сайлаушылардың барлығына сыйлықтар таратылуда. Учаскелерде сайлаушыларға барлық жағдай жасалған, санитарлық талаптар да, қауіпсіздік ережелері де қатаң сақталған, – дейді №273 сайлау учаскесінің комиссия мүшесі Ж.Сыздықова.
-Әр азаматтың жарқын болашағы өз қолында деп санаймын. Сондықтан, мен де бүгінгі сайлауға балаларымның болашағы үшін, елім үшін дауыс беруге келіп отырмын. Ең бастысы, еліміз тыныш, халқымыз аман болып, жағдайымыз осы күнгіден де гүлдене берсін деп өз таңдауымды жасадым, – дейді сайлаушы Шынар Шүкірова.
сайлау4сайлау2сайлау1сайлау5сайлау6сайлау8сайлау9сайлау10

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓