Қатемен жұмыс

Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов өткен жылы құрылысшы-мердігерлер берген кепілдік бойынша қаланың ішкі жолдарын жөндеп, былтыр дұрыс істелмеген жерлерді реттеп беруді талап етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. жол2Облыс орталығының басшысы қаладағы жаңадан жөнделген жолдардың сапасыздығын алға тартып, мердігер ұйымдарға наразылық білдірді. Әсіресе, қаланың орталық аудандарындағы жолдарды жөндеген «Таза Жол АТ» ЖШС компаниясының жұмысын сынға алды. Әкімнің пікірінше, мердігер ұйым енді бұл ақауларды өзінің қаржысы есебінен жөндеуге міндетті.
«2016 жылы қаланың көшелері мен жолдарын жөндеу үшін 4 миллиард теңге бөлінді, – деді Базыл Жақыпов. – Біз ол қаржыны түгелдей игеріп, жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Бірақ, мердігерлер барлық жолды сапалы жөндемеді. Бұл олардың кінәсі, енді оны өздері түзетуі тиіс. Оның бәрін өз қаржысы есебінен түзетуі керек! Жолдағы ойықтар, жарылған жерлерді жөндеуі керек! Бұл жұмыстарды кейінге қалдырмай, мамыр айының басында аяқтауы қажет».
Қала әкімі Жақыпов мәлімдегендей, олар жол жөндеу кезінде облыс орталығындағы көлік кептелісіне жол бермеуі керек.
«Жол жөндеу жұмыстары кезінде нақты жол картасын жасап, көлік кептелісі туындамас үшін қатар тұрған екі көшені бірдей жабуға болмайды», – деп тапсырма берді Базыл Жақыпов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓