«Әр адамның дауысы маңызды!»

Меңдіқара ауданында сайлау қызу өтіп жатыр. Бүгін таңғы сағат 7-ден бастап Мәжіліс пен мәслихат депутаттарына дауыс беру үшін Меңдіқара ауданы бойынша   46  сайлау учаскелері өз жұмыстарын бастады.
сайлау-750x359–Меңдіқара ауданы бойынша 46 сайлау учаскелері өз жұмыстарын бастады. Оның екеуі жабық участок. Сайлауда барлық қауіпсіздік шаралары ескерілді. Әрбір сайлаушы жеке өзі дауыс беріп жатыр. Халықтың белсенділігі де жаман емес, – деді сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Құрманова.  
Өз таңдауын жасауға келген жандардың бірі Меңдіқара ауданы Алтын кітабының лауреаты Алёна Токарева.
–№595 саулау учаскесіне келіп өз дауысымды бердім. Дауыс беру заңға сәйкес өтіп жатыр. Барлық ережелер сақталған, –  дейді Меңдіқара ауданы Алтын кітабының лауреаты Алена Токарева.
Айта кету керек, дауыс беру үшін барлық санитарлық талаптар толығымен сақталған.
–Өз басым елімізде өткен барлық сайлауға қатысып келемін. Бүгінде мен өз дауысымды беріп, дұрыс таңдау жасадым деп үміттенемін. Бастысы халықтың сенімі мен үміті ақталады деген ойдамын, – дейді Меңдіқара ауданының тұрғыны Жанкелді Сүлейменов.
 
Меңдіқара ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓