Белсенділік өте жоғары

ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы Қарасу ауданында таңертеңгі сағат 7.00-де басталды. Ауданда 40 сайлау учаскесі бар. Барлығы 11.501 сайлаушы тіркелген. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Рәзиха Төлегеновның айтуынша, түс әлетінде тұрғындардың 50%-і сайлау учаскелеріне келіп дауыс беріпті. Мәселен, «Достық» мәдениет үйінде орналасқан №522 сайлау учаскесінде 1220 сайлаушы тіркелген. Күндізгі сағат үштер шамасында олардың басым бөлігі өз таңдаударын жасады. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Татьяна Чебанның айтуынша, науқан өңірде құдды бір мерекедегідей өтіп жатыр. Халық өте белсенді. Барлық санитарлық нормалар сақталған. Комиссия жетекшісі Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы еліміздің жаңа тарихындағы маңызды кезеңі екендігін айтады. «Жылма жыл біздің азаматтардың белсенділігі артып келеді. Оларды бүгінгі қоғамдағы үдеріс бей-жай қалдырмаса керек. Жұрт сайлауда дауыс беру арқылы елдің болашағына, оның дамуына өз үлесімізді қосамыз деп келеді. Расында, бүгін әр сайлаушының дауысы маңызды. Сайлау күні барлық қауіпсіздік шаралары сақталды»,-дейді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы. Алғашқылардың бірі болып дауыс бергендердің бірі – ауыл тұрғыны Айгүл Арғынғазина. Ол Қарасу кентіндегі №522-ші сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. «Бүгінгі сайлау еліміздің болашағын қалыптастыратын үлкен саяси іс-шара деп білемін. Бұл жолғы сайлау партиялық тізіммен өтіп жатыр. Өте ашық, бәсекелестік жоғары. Біздің еліміздің болашағын айқындайтын үлкен іс-шара. Сондықтан, сайлауға белсенді түрде қатысу әр азамаматтың міндеті деп ойлаймын», – деді Айгүл Таңатқызы. Дауыс беру кешк сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓