Біздің дауыс ел ертеңі үшін керек

Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы Рудныйда да барлық санитарлық және Конституциялық заң талаптарына сай өтуде.
№4 мектеп-лицейдің қабырғасында орналасқан №151 сайлау учаскесі комиссиясының мүшесі Сейітжан Әлімбаев дауыс беру процесі қалай өтіп жатқаны туралы пікірімен бөлісті:
«Сайлаудың негізгі кезеңі белсенді өтіп жатыр. Әзірге ешқандай заңбұзушылықтар тіркелмеді. Халық саны артып келеді. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты барлық санитарлық нормалар сақталып жатыр. Кіре берісте дауыс берушілердің дене қызуы өлшеніп, оларға медициналық маска, қолғап пен қалам үлестірілуде», – дейді ол.
Бүгін кеншілер қаласы мен оған қарасты Қашар, Горняцк, Перцев елді мекендерінде 49 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Ал саяси науқанға қатысуға құқығы бар азаматтардың саны 86100 адам.
«Сайлауға қатысу – әр адамның азаматтық борышы. Әсіресе, Қазақстанымыз өз алдына шаңырақ көтеріп, тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толған кезеңдегі саяси доданың маңызы зор деп білемін. Мен бүгін отбасымның, елімнің ертеңі үшін өз таңдауымды жасадым. Әрине, кейбір таныстарым айтып жатады «барлығы шешіліп қойған» деп. Мен мұнымен келіспеймін. Әрқайсысымыз сайлауға немқұрайлы қарамай, белсенділік танытқанда ғана оған көз жеткізуге болады» – дейді қала тұрғыны Мейрамбек Рүстемов.
Айта кетейік, 2012 жылы өткен дәл осындай сайлауда рудныйлықтар 82,2%, ал 2016 жылы 87,9% белсенділік көрсеткен болатын. Ал былтыр тұңғыш рет ұйымдастырылған Праймаризде сайлаушылардың 90 пайызы өз таңдауларын жасады.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 10 қаңтар, сағат 14.00-дегі деректері бойынша, Қостанай облысында сайлаушылардың 49,9% дауыс беріп үлгерді. Бұл көрсеткіш бойынша өңір 17 аймақтың ішінде 5–ші орында тұр. Солтүстік Қазақстан облысы 58,2%-бен көш бастап келеді.
IMG_20210110_122553 IMG_20210110_122619 IMG_20210110_123247 IMG_20210110_123815 IMG_20210110_123855 IMG_20210110_124616
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓