Бруцеллез таралмасын десеңіз…
Жангелдин ауданы Сужарған ауылында бруцеллез ауруына шалдыққан мал санының азаймауына байланысты жиналыс өтті.
Сала мамандары қатысқан жиында бруцеллез шыққан малды уақытында тапсыру, ауыл бойынша аурудан тазарту жұмыстарын жүргізу мәселесі қаралды. Айтулы шараға қатысқан аудан прокуроры Б.Арғынтаев малдың сырқатын жасырғандардың айыппұл төлеп не болмаса қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын қатаң еске салды.