Тәртіппен өтіп жатыр

Қостанай қаласындағы Горький атындағы гимназияда орналасқан №22 сайлау учаскесі де таңғы 7.00-ден сайлаушыларға есігін айқара ашты. Мұнда да барлық санитарлық талаптар қатаң сақталған: дауыс берушілер кіреберісте қолдарын антисептикпен шаяды, кезекші дене қызуын өлшейді. Келушілердің әрқайсысына ішінде бетперде, медициналық қолғап, қаламсап салынған пакет ұстатып жатыр.
Дауыс беру залында ақпараттық стендтер орналастырылған. Залдың бір бөлігінде партиялардың атынан және қоғамдық ұйымдардан келген бақылаушылар кезекшілік атқаруда.
– Бүгінгі науқанға дайындық жоғары деңгейде. Барлық қауіпсіздік шараларын ескердік. Біздің сайлау учаскемізге қарасты 2369 дауыс берушінің тізімі бар. Халықтың белсенділігі өте жақсы. Таңертеңнен дауыс берушілердің легі аз емес. Өрескелдік байқалған жоқ. Әдетте түс ауа келушілердің қатары көбейе бастайды. Ондай кезде әлеуметтік ара қашықтықты сақтау жағын қатаң сақтайтын боламыз. Комиссиядағы тоғыз адамның жетеуі азаматтарды тізім бойынша тіркеп, бюллетеньдерді қолдарына беріп жатыр, – деді Қостанай қалалық №22 сайлау учаскесі сайлау комиссиясының төрайымы Орынкүл Баяхметова.
WhatsApp Image 2021-01-10 at 09.56.10 WhatsApp Image 2021-01-10 at 09.56.13 (1) WhatsApp Image 2021-01-10 at 09.56.14 (1) WhatsApp Image 2021-01-10 at 09.56.14 (2) WhatsApp Image 2021-01-10 at 09.56.14 WhatsApp Image 2021-01-10 at 09.56.21 WhatsApp Image 2021-01-10 at 09.56.22 (1) WhatsApp Image 2021-01-10 at 09.56.22
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓