Сағидың айтқандары

Журналист, бірнеше кітап авторы Сағи Әбілхасенұлының әр жылдары, әр жерде айтылып тарыдай шашылып қалған әзілдерін тауықтай теріп қағазға түсіріп, баспаға ұсынған
Сапар Әбілкәкімтегі
Жүгініске
Сағи Әбілхасенұлының әсіресе, балалықтың бал қызығын бірге татысқан, бірге ойнап доп қағысқан достарының бірі Жүгініске:
– Далақтап көп жүгіріс,
Пайда бермес Жүгініс.
Шөлдеген, сірә боларсың,
Үйге жүріп, қымыз іш, – деген екен.
 
Орынды жауап
Қарғалы атырабының тал, жиде өскен түйе өркеш құм төбелерінің арасынан әкесінің мінер атын әрең ұстап алып, ауылға келген Сағиға көршісі Қажен:
– Уәде, қайда, сені балық аулауға бірге бару үшін ұзақ күттім? – дегенде Сағи:
– Әкем аты жорға еді,
Көптен бері қолда еді.
Тойынсын деп жіберсек,
Ұстап алдым зорға енді,
– деп қажыған қалып танытыпты.
 
Шаршағаның білінді
Бірде ауыл балалары күнделікті дағдымен бас қосып асық ойнағанда Қапаштың жолы болып, үлкен «олжаға» батса керек. Оны Сағи былайша қағытыпты:
– Қолың мерген мықтым-ау,
Асығын жұрттың ұттың-ау.
Мәз-мейрам боп секіріп,
Үйіңе қарай зыттың-ау.
Шаршағаның білінді,
Ойынға кеш шықтың-ау…
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓