«Әуезді Азаншы» сайысы өтті
Ислам дінінде азан шақырудың алар орны ерекшеі. Азан – Ислам дінінің бес парызының бірі. Ол намазға шақыруды білдіреді. Қостанай облысындағы мешіттердің шәкірттері арасында түрлі сайыстарды тұрақты ұйымдастыру дәстүрге айналған. Міне, осы орайда Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінде «Әуезді Азаншы» атты облыстық азаншылар жарысы ұйымдастырылды.
Оған екі жарым жыл бұрын дүниеден өткен баласына сауабы тисін деген ізгі ниетпен Құрманғазы ағамыз үлгі ретінде жария садақа етіп, осынау игі бастамаға демеушілік жасады.Аталмыш сайысқа өңірден 40-қа жуық азаншы (муаззин) қатысты. Жарыс екі кезеңнен тұрды. Қазылар алқасы алғашында азаншының тәджуиді мен мақамына мән берсе, келесі кезеңінде азан тақырыбы аясында үш сұрақ қойылды.
Сонымен Таран ауданынан келген Арғынбек Бейбітханұлы Бас жүлдені жеңіп алып, 30 мың теңге сыйлыққа ие болды. Ал бірінші орын Аймағанбет қажы Спанұлы мешітіндегі жас шәкірттердің бірі Оразхан Зейноллаұлына бұйырып, оған 20 мың теңге табыс етілді.Сондай-ақ, жүлделі екінші орын мен 15 мың теңгені Жанкелдин ауданының жас шәкірті Архат Құлтайұлы иемденді. Үшінші орын және 10 мың теңге ақшалай сыйлық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінің шәкірті Дәуренбек Саламатұлына бұйырды.
Ал қалған барлық қатысушыларға Бас мүфтиіміз Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Тәпсір тұнығы» атты кітабы мен ақшалай ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.Марапаттау соңында қатысушыларға дастархан жайылып, қаситетті Құран оқылып, уағыз-насихат айтылды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі