Ініме
Шағар мынау ақының кімге мұңын?
Жабырқатып жанымды қойғаның-ай,
Сенім артып кешегі жүрген інім.
Неге бала осынша байқамадың,
Жайыңды естіп қалайша
жай табамын?
Кімге қандай қарағым пайда әкелді,
Шайтан суға тойып ап шайқағаның.
Күйініп түр әкең де, анаңызда,
Күйігіне оңай ем табамыз ба?
Көсілмейсің көрпеңе қарап неге,
Қарамайсың қалайша шамаңызға?…
Не жетпейді осыны ұға алмадым,
Кінәліге санайсың бұған бәрін.
Жарамады дегенмен жарамады,
Қырыққа кеп өнерді шығарғаның.
Тапқан пайдаң осы ма қамалғаның,
Қоя берем сұрақтың сан алуанын.
Сынақ болар елге орал аман-есен,
Райдан қайт осымен жарар жаным.
Бақыт деген немене?
Немесе жобасы бар жоралғы ой
Жай әншейін жаныңда тұрама адам
Ақыл сұрап тұрғандай ғұламадан
Бақыт деген немене? – демесіме,
Бір бейтаныс қадалып мына маған.
Бақыт деген – Отанның гүлденгені,
Таңданардай өзгелер түрге енгені.
Құлы болмай, өзгенің күңі болмай,
Ұрпағымның еркімен жүргендері.
Бақыт деген – қатардан қалмағаның,
Жүрер адал жолыңды таңдағаның.
Несібеңді тапқаның еңбегіңмен
Біреуден артық нәрсе алмағаның.
Бақыт деген – жолығар саналыға,
Тағдырыңа бұйырған таланыңа.
Өзім үшін әйтеуір ұлы бақыт
Ата-анамның қарасам қабағына.
Бақыт деген – саулығы тәніңіздің,
Ден саулығың байлығың бәріңіздің.
Балалармен әңгіме дүкен құрып,
Бірге ойнап күлгені жарыңыздың.
Біреу білмес біреудің ұлы арманын,
Бақыт ол да тағдырға сыналғаның.
Бақыт деген – үміттің сөнбегені
Биігіңе талпынып шыға алғаның.
Бақыт деген – барлыққа тасымауың,
Дұрыс шығар деп тұрмын осыларым.
Өзің біраз ойланып түйіндеші,
Дей салғанмын сонан соң осы жағын.
– Түйіндеші деймісіз осы жағын,
Әпке, несін бөгеліп тосыламын?
Жобасы бар жоралғы ой айттыңыз,
Қосыламын бұл сөзге қосыламын.
Сосын әлгі ініміз түрегелді,
– Сөзіңізге ойланып жүрем енді –
Жылы шырай танытып, жымиды да,
Рахметін жаудырып жүре берді.
Қуанышын дегенмен жасырмады,
Кейін білдім бар екен асыл жары.
Ал мен үшін тағы бір бақыт болды –
Татуласып, жарымен қосылғаны.
Жоралғы ойым жарапты кәдесіне,
Жеткен екен шынымен өресіне.
Бақыт жайлы сұраған сол бейтаныс
Кейде менің түседі әлі есіме.
Бағила Кенжеғарақызы
Арқалық қаласы.