Жітіқарада болдық, не білдік?.. “Қостанай таңының” аудандағы күндері

IMG_4747цветной

Қостанай таңы – біздің газет…

Газетімізде жазылғандай, "Қостанай таңының" күндері қойнауы құтты Жітіқара жерінде болып өтті. Бұл аудан теріскейінде Ресеймен шектесіп жатқан өңіріміздегі дамуы қарқынды шағын қалалар қатарына жататын мекен. "Газет оқырмандарымен кездеседі" дегенді естіген ауданның абыз ақсақалдары мен қарт аналарымыз, жалынды жастарымыз тайлы тұяғымен қалмай жиналып, №3 орта мектептің мәжіліс залында бас қосып, газеттің бүгінгі беталысы жайында келелі әңгіме  өткізді.  Газет  редакторы Жанұзақ Аязбеков бастаған бір топ
IMG_4751

Тиышбай Омарұлы мен Ғарипа Асылбекқызы немересі Азатпен

журналистер оқырмандардың сауалына жауап беріп, ғасырға жуық шежіресі бар басылымның өткені мен бүгіні, болашағы жайында баяндап берді.
Бір айта кетерлігі, жиырма мыңнан астам қазағы бар мекен "Қостанай таңы" келеді дегенді естігеннен жүздесуге асық болғаны бірден байқалды. Үсті-үстіне сауалдарын қойып, ой-пікірлерін айтқан халықтың тілегі бір екен.
IMG_4775цветнойАлмат Досмұхамедов,
аудан әкімінің
орынбасары:
– "Қостанай таңы" басылымы бір ғасырға жуық тарихы бар қазақ публицистикасының қарлығашы. Бұл газетте өңіріміздің түрлі жаңалықтары, тұр-мыс-тіршілігі жазылып келеді. Тұрақты оқырмандары да қаншама. Әр қала, аудандарымызда кездесулер өткізіп, бүгін, міне, Жітіқара жеріне табан тіреп отырсыздар! Біздер қуаныштымыз. Аға басылымның ауылымызға атбасын бұрып, халықтың тұрмыс-тіршілігін жазып жатқандарыңызға.
IMG_4800цветнойСафура Тілетешова,
аудандық №9 орта мектебі-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
– Қалада осы сала бойынша 5 жыл бойы қызмет етіп келемін. Содан бері "Қостанай таңының" оқырманымын. Газетте өңіріміз-дің аудан, ауылдары туралы материалдар жиі жазылса екен деймін. Қазір ғаламторды ашып қалсаң, осы сипаттағы мақалаларды көруге болады. Сондай үрдіс біздің газетте байқалса деймін. Өйткені, кейбір ақсақал ата, ақ жаулықты аналарымыз ғаламтордың тетіктерін білмейді. Олар газет оқып қана қояды. Елімізді кетеуі кеткен ауылдар қаншама?! Ауыл адамдарының өмірі жайында жазылса екен деген ниет бар.
IMG_4801цветнойАқбота Ормантаева,
Жітіқара политехникалық колледжінің студенті:
– Біз де "Қостанай таңының" оқырманымыз. Газет беттеріндегі ұлттық рух, ана тіліне, тарих-қа қатысты материалдар жиі жарияланса дейміз. Қазіргі жас ұрпақты осындай отансүйгіштік рухта тәрбиелеу ең алдымен халықтың жаршысы – газеттің міндеті деп білемін. Мақал-мәтелдерімізді журналистер қауымы жиі пайдаланып, сөз қолданыстарына енгізіп жазса, оқитын біз сияқты жастарға көп үлгі-өнеге көрсетеді. Осы жайын ойласаңыздар екен. Қиюы қиын мәселелерді жиі жазып, мәнісін оқырманға түсіндіріп, талдап, сараптап жазсаңыздар біздер ризамыз!
IMG_4818Аманкелді Мақатов:
аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі:
– Қоғамда БАҚ-тың, оның ішінде газеттің атқарар қызметі зор. Сіздер-дің басылымда өңіріміздің тұрмыс-тіршілігі, еңбек адамдарының бейнесі жиі көрінуде. Бұл қуанарлық жайт. Ардагерлеріміз туралы мақалаларды оқып тұрамыз. Қазір газеттің біздің аудандағы тілшілері жоқ. Осыған көңіл бөлсеңіздер екен. Аудан жаңалықтары  басылымда жиі жарияланып жатса, бұл жақтағы оқырмандар да дән риза ғой. Не болмаса газеттің штаттан тыс тілшісі болса да шүкірлік етеміз.
Осы мәжілісте отырған барша халықтың "Қостанай таңы" – менің газетім" деп атсалысқанын қалаймын. Сол үшін келгендеріңізді де жақсы түсінемін.
IMG_4815цветнойГүлсім Мырзабекқызы,
мұғалім:
– Менің бір өтінішім бар. Өңірімізде "Учительская Плюс" деген басылымға мақала берсек, ақысын сұрап, түбіртегін жіберуін өтінеді. Егер Сіздерге мақала жарияласақ, бұл жағы қалай? Соны білгім келеді. Шалғайдағы біздерге соны тегін басуға болмай ма?.. Тағы бір тілек, Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің тарихы, егемендігіміз туралы мақала, өлең-жырларды көбірек берсеңіздер екен. Біздер, мұғалімдер соны сабақтарымызға жиі пайдаланамыз.
IMG_4787цветнойТиышбай Омарұлы,           
зейнеткер:
Алыстағы ағайынды ұмытпай жүздескендеріңіз мынау отырған жамағатқа нұр үстіне нұр! Бір өті-нішім, тарихи материалдар қыс-қа-нұсқа берілсе екен деймін. Әсіресе, бала тәрбиесіне, ата-әженің немересіне деген тәлімі туралы мақалалар көбірек жарияланса құпты болар еді. Осы қазір алдарыңызға немерем Азатты, кемпірім Ғарипаны алып келдім. Азатым сіздердің жолдарыңызды қуамын, жорналшы боламын деп отыр. Қазір мектепте оқып, қалалық радиода ертегілер оқып, жас бүлдіршіндерді қызықтырып келеді. "Мен, – Қазақпын!" дейтін арнайы бағдарламасы да бар.
IMG_4806цветнойФатима Әбдірахманқызы,
мұғалім:
Алғаш осы жерге табан тірегенде төбе шашым тік тұрғаны рас. Көбісі орысша сөйлеп, өзіміздің қандас бауырлар тілін ұмыта бастағанын көргенде жағамды ұстап: "Қайдан ғана келдім?!" деп қатты қиналғаным болды. Бірақ, артынша етің бәріне үйреніп кетеді екен. Сонда да ақырын-ақырын қазақ тілі өз мәртебесіне ие бола бастағанын байқадық. Қазақ балабақшаларының саны көбейіп, мектептер ашылып, халықтың бетбұрысы бір арнаға тоғысты. Мұның бәрі ана тіліміздегі жалғыз басылым – "Қостанай таңының" үнемі көтеріп жүрген мәселелерінің нәтижесінде іске асырылған дүние.
IMG_4864цветной ЗейнеткерҒарипа Асылбекқызы, зейнеткер:
– Отағасымның айтқанына қо-сыламын. Кезінде орыс мектебінде оқып, білім алған балаларымды түсінемін. Сондықтан да осы немерімізді әдейі қазақ мектебіне беріп, өз ана тілін ұмытпасын, егеменді еліміздің патриоты болсын деп, жас күнінен тәрбиемізге алдық.  Азатымыз қалалық радиода жас тілші. Мектеп жасындағы балаларды ертегі, жыр, дастандарға қызықтырып жүр. Патриоттық бағдарламалар жүргізіп келеді. "Қостанай таңы" газетін үнемі оқып тұрамыз. Отағасының жанары көруден қалса да, "газет не жазды екен" деп елеңдеп тұрады. Немерем әр елең етерлік жаңалықтарды атасына оқып береді.
 
…Халықтың осындай талап-тілектері мен өтініштеріне газет редакторы Жанұзақ Аязбеков тұщымды жауап берді.
IMG_4862цветной

Жанашырлар мен жас тілшілер

– Алдымен, Тиышбай ақсақалдың сауалына айтарымыз бар, – деді. – Біз осындай ақсақалымызды қадірлеп, үлгі тұтуымыз керек. Ата мен немересінің тәрбиесі туралы әлбетте жазамыз. Содан кейін ауыл тұрмысы, еңбек адамы, ардагерлер, тіл мәселесі, есімі ұмытылып бара жатқан тұлғаларымыз туралы мақалалар бізде жиі жарияланып тұрады. Арнайы айдарларымыз бар. Мәселен, ауылға қатысты "Абай ауылындағы айқай", "Қария неге қамықты" сияқты журналистеріміздің материалдары жарияланып, нәтижесі де көңіл қуантты.
Содан кейін газет редакторы аудандағы жанашырларымызды, жас тілшілерімізді марапаттап, сый-сияпат көрсетті. Жітіқара ауданының құрметті азаматы Жаңылсын Жандырова жанашырлар клубының төрайымы болса, аудандық мәслихат хатшысы Майра Кененбаева, ардагер Аманкелді Мақатов, "Хризотил КМ" газетінің редакторы Оксана Ержанова клуб мүшелері атанды. Сондай-ақ, Сафура Тілетешова, Ақбота Ормантаева, Ділдә Хайрат газетіміздің жас тілшілері куәлігін алды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓