10.00-дегі жағдай: Сайлаушылардың жалпы санының 11,6 пайызы дауыс берді – ҚР ОСК

Тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 11,6 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтар күні сағат 10.00-дегі жағдай бойынша, сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 11,6 пайызы алды. Олардың ішінде: Ақмола облысы – 10,2, Ақтөбе облысы – 9,9, Алматы облысы – 11,3 Атырау облысы – 10,3, Батыс Қазақстан облысы – 12,7, Жамбыл облысы – 12,8, Қарағанды облысы – 10,4, Қостанай облысы – 11,2, Қызылорда облысы – 10,3, Маңғыстау облысы – 8,7, Павлодар облысы -14, Солтүстік Қазақстан облысы – 14,9, Түркістан облысы – 13,1 Шығыс Қазақстан облысы – 12,1, Нұр-Сұлтан қаласы – 10,8, Алматы қаласы – 9,7 Шымкент қаласы – 14,4 пайыз», – деді Ерлан Дауылбаев.


2101101033304876g

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓