Дауыс беру белсенді өтіп жатыр

Таңғы сағат 07:00-де Амангелді ауданы бойынша барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады. Жалпы ауданда 30 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 5–уі аудан орталығында орналасса, қалғандары ауылдық округтерге бөлінген. Дәл қазір дауыс беру өте белсенді жүріп жатыр. Мәселен, Жетібай ауылы №213 сайлау учаскесінде бірінші болып кәсіпкер Аманжол Едресов дауыс берді.
WhatsApp Image 2021-01-10 at 10.03.20
– Бұрын депуттаттыққа сайлау алдында үгіт-насихат кездерінде көше бойында ілінген плакаттардан ғана көңілімізді басатын болсақ, бұл жолы праймеризге түсіп жатқан әрбір үміткермен жеке-жеке танысып, қоян-қолтық отырып сөйлесуге, пікірлесуге  мүмкіндік алдық. Мұны партиялардың депуттарды халыққа  жақындата түсуі деп түйдік. Бүгін отбасымызбен арнайы ережеге сай  дауысымызды бердік. Сайлаудың әділ өтетініне сенемін. Қай партия жеңсе де, халыққа адал қызмет етсін! – дейді сайлауға қатысушы.
WhatsApp Image 2021-01-10 at 10.03.16
Амангелдідегі сайлау учаскелері сайлаушыларға барлық жағдайды жасаған. Әрбір сайлау учаскесінің кіреберісінде медицина қызметкерлері немесе волонтер кезекшілік атқарады. Олар термометрмен азаматтардың температурасын өлшеуі керек, қолды дезинфекциялауға арналған санитайзерлер де қойылған.
– Әр сайлаушы маскамен келеді. Термометр мен дозатор бар, қаламсаптар алынды, сайлаушыларымызға барлық жағдай жасалған. Комиссия мүшелері мен бақылаушыларға қорғаныс маскасы таратылған. Олар әрбір 3 сағат сайын масканы ауыстырып отырады. Сайлау учаскелері 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар жабылғаннан кейін сайлау қорытындысы шығарылады, – дейді №213 сайлау учаскесінің хатшысы Ботакөз Ерғазина.
WhatsApp Image 2021-01-10 at 10.03.01
Еске салсақ, Конституциялық мерзімге сай өтіп жатқан Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия, атап айтқанда, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Nur Otan» партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстанның Халық партиясы» депутаттық мандаттан үмітті. Бұл партиялар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттарын ұсынған.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓