Кәсіпкерлер палатасында жаңа басшы

"Атамекен" ҚР ҰКП басқармасының шешімімен, өңірлік кеңестің келісімі бойынша, Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры лауазымына Данияр Күзенбаев тағайындалды.
Бұл қызметте оған дейін Мұрат Әбенов болған еді, ол "Атамекен" ҚР ҰКП орталық аппаратына жаңа қызметке ауысты.
Данияр Қонысбайұлы Күзенбаев – Қостанай облысының тумасы, 1977 жылы 18 шілдеде дүниеге келген. 2 жоғары білімі бар: 1998 жылы А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-ды "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген, ал 2021 жылы М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін "Аграрлық техника және технология" мамандығы бойынша тәмамдаған.
2000 жылдан 2015 жылға дейін прокуратура органдарында қызмет етті. 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін "Альроми" ЖШС басқарды.
Саяси қызметке белсенді қатысқаны және өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және инфрақұрылым құрылысына үлкен үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің, ҚР АШМ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің, Қостанай облысы әкімінің, Қостанай қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓