Кез келген кедергіні еңсереміз!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған өз Жолдауында білім беру саласын дамыту пандемия кезіндегі қоғам өмірінің маңызды көрсеткіштерінің бірі екенін белгіледі.
Сонымен, Президент өз Жолдауында қашықтан оқыту мәселесіне баса назар аудара отырып, мектептегі оқытудың дәстүрлі форматының, оқушылардың әлеуметтенуі мен құрдастарымен қарым-қатынасының маңыздылығын атап өтті.
Өткен оқу жылы қашықтан оқытуға көшу барысында жіберілген қателерді ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы интернет-ресурстарын дамыту міндетін қойып, толық оқу процесі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн-білім беру платформасын жедел түрде әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы педагогтердің мәртебесін көтерудің маңызды факторы ретінде мұғалімдердің материалдық әл-ауқат мәселесін белгіледі. Облыстың білім беру саласында барлығы 20 мыңнан аса педагогикалық қызметкер еңбек етеді. Президенттің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап педагогтерге 25%-ға арттыруды ескере отырып жалақы төленеді. 2021 жылдың қаңтар айында да дәл осындай арттыру күтілуде. Үстіміздегі жылдың 1-қыркүйегінен бастап сынып жетекшілік пен дәптерлерді тексергені үшін қосымша ақы екі есе арттырылады, үш жыл ішінде осы мақсаттарға 1,9 миллиард теңге жұмсалмақ. Бұл шаралар педагогтерді қолдауға және мұғалім мамандығының мәртебесін жетілдіруге бағытталмақ.
Президент Жолдауда азаматтардың сауаттылық деңгейін көтеру мақсатында үздіксіз білімнің орасан маңыздылығына баса назар аударды. Оның айтуынша еңбек нарығындағы сұраныста болған құзыреттіліктерді қалыптастыруға кәсіптік білім берудің барлық жүйесін қайта бағдарлау қажет. Облыста осы бағыттағы жұмыс белсенді түрде жүзеге асырылуда. Сонымен автомобиль көлігі колледжінде өңірде ашылғалы тұрған «КАМАЗ» зауытының мұқтаждықтары үшін 6 жаңа мамандық бойынша бірінші қабылдау жүргізілді. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің табысты болу кепілі осы күрделі кезеңде барлық қоғамның бірігуінде екенін атап өтті. Тек бірге, сындарлы диалогта, біз барлық кедергілерді еңсеріп, еліміздің көркейіп гүлденуіне қол жеткіземіз.
Ермек Айтмағамбетов,
облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы