Науқанға нық кірісті
Арқалық қаласы бойынша есепке алынған сайлаушылар тізімі 25348 адамды құрайды. Оның 19 мыңнан астамы қала тұрғындары.
Қала аумағында 30 сайлау учаскесі бар. Оның 12–і қалада, 18-і ауыл және ауылдық округтерде. Сайлау учаскелері мектеп және мәдениет үйлері, яғни мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында орналасқан.
– Заң бойынша сайлау өтетін күнге 15 күн қалғанда сайлау учаскелеріне сайлаушылардың тізімі берілді. Сайлау учаскелері туралы барлық ақпараттар жергілікті БАҚ беттерінде жарияланды.
Сайлау учаскелері толығымен жұмысқа дайын. Орталық сайлау комиссиясының қаражатымен барлық комиссия мүшелеріне, яғни 190 адамға бетперде, медициналық қолғап, қорғаныш экран, үйлерге баратын адамдарға костюм, антисептик толық 100% қамтамасыз етілген.
Әр сайлаушыға жергілікті атқарушы орган қорғаныш құралдарын оның сыртында жеке қалам, бетперде, қолғаппен қамтамасыз етті. Сайлау учаскелеріндегі комиссия мүшелері , бақылаушылар барлығы толық ПЦР-тест тапсырып, дәрігерлік тексеруден өтті, – дейді Арқалық қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Арыстан Айтмағамбетов.
Сағидолла Байкенжин,
сайлаушы:
– Бүгін Қазақстан Республикасы бойынша Мәжіліс және жергілікті облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депуттарын сайлау өтіп жатыр.
Бұл – жалпыхалықтық сайлау. Үлкен мереке. Сондықтан, барша ел азаматтарын осы сайлау күнімен құттықтаймын.
Сайлау дегеніміз- халықтың ойын, пікірін білдіріп, елге болашақта не істеу керек, халыққа қалай жағдай жасау керек, қандай кемшіліктер бар, қандай нәтижелер бар соларды қорытып жаңа бесжылдыққа жоспар жасау. Сайлауға партия түсп отыр. Әр партияның өз бағдарламасы бар.
Жалпы халық сайлауға келіп, елдің ертеңгі мүддесін ойлап, дауыс берулері керек деп ойлаймын. Сол себепті, сайлауға келіп даусымызды беріп жатырмыз.
Халық осы сайлаудан үлкен үміт күтіп отыр. Сол үміт ақтала берсін деп тілеймін. Еліміз көркейе берсін.
Толқынай Жәлелова,
№79 Жанкелді сайлау учаскесінің хатшысы:
-Елімізде бүгін айтулы күн. Біздің учаскемізде 2211 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 9 адам үйден дауыс беруге өтініш берді. Алғаш дауыс берушілер саны – 28.
Учаскеге бекітілген аймақ бойынша Е.Әуелбеков, М.Горбачев, Р.Маясова, Ғ.Қайырбеков, О.Қозыбаев көшелерінде орналасқан үйлердегі тұрғындар келіп өз дауыстарын береді.
Сайлаушыларымыздың көңіл-күйлері жақсы. Әрқайсы жеке қорғаныш құралдарын алып, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып өз таңдауларын жасауда.
Жанаркүл Жаппасбаева,
бақылаушы:
– Мен Қостанай облысы «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі атынан келіп отырмын. Сайлау комиссиясының жұмысы таңғы сағат: 06:00-де басталды. Сағат тура алтыда кіріп, біздің көзімізше сейфтің ішінен бюллетендер алынды.
Сайлауда барлық санитарлық нормаларға сай арақашықтықты сақтап, адамдар дауыстарын беріп жатыр. Бәрін бақылап, қадағалап отырмыз.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген автор.
Арқалық қаласы.