Қос фототілшіге алғыс

Кәсіби мереке қарсаңында журналистердің еңбегін бағалап, алғыс айтып, құттықтаушылар қатары көбеюде. Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының басшысы Дәмер Қалқаев редакцияға келіп, қос фототілшіміз Бағдат Ахметбеков пен Бердіболат Көркембаевқа Алғыс хат беріп, марапаттады.
– Облыс көлемінде қандай мәдени шара болмасын қолдарына фотоапраттарын алып, осы екі жігіт жүреді. Соның арқасында қалың көрермен өткен шарадан тамаша суреттерді көре алады. Фото – қас-қағым сәт. Осы сәтті қағып алып, елге жеткізе білген сіздерге алғысым шексіз. Газеттің мерейтойы құтты болсын, – деп тілегін білдірді орталық басшысы.
Баршаны кадрға түсіріп, өздері тыс қалатын қос фототілшімізді құттықтаймыз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓