Жылы аялдама ашылды

Қостанайда қыс мезгіліне арналған алғашқы жылы аялдама ашылды. Жаңа аялдама «Kostanay Plaza» сауда, ойын-сауық орталығының маңында орналасқан.  
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, аялдама ішінде қыста +18 градус температура сақталады. Жаздың ыстығында тиісінше салқын температураны сақтайды. Әзірге пилоттық режимде бір ғана аялдама іске қосылып отырIMG_5735«Бұл павильон бейнекамералармен жабдықталған. Нысан іші орталық диспетчерлік пункт арқылы бақыланып отырады. Аялдаманы екі пеш жылтады», – деді қалалық ТКШ бөлмінің басшысы Алексей Тарасов. IMG_5720
IMG_5726
IMG_5719Аялдама автоматты түрде таңғы сағат 6:30-да ашылып, түнгі 23:15-те жабылады. Алексей Тарасов айтқандай, жоба құны – 4,5 млн теңге. Қаржыны облыс орталығындағы шаруа қожалығы бөлген. 
 
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓