Астанадағы жәрмеңкеде – Қостанай облысының өнімдері
Астанада әр аптаның дем-алыс күндері ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтуде. Алдағы сенбі күні Астана тұрғындары Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарының ауыл шаруа-шылық өнімдерінің дәмін татады.
Холдинг құрамындағы компания – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен 2014 жылдың басынан облыс бойынша 1,4 млрд.теңгеге 535 шағын несиелер берілді.
"ҚазАгроҚаржы" АҚ ағымдағы жылдың күз мезгілінің басына қарай 3,9 млрд.теңгеге 470 бірлік техниканы иеленуге келісім-шарттар жасады. 2013 жылы 494 бірлік түрлі ауыл шаруашылық техникасын иеленуге 4,4 млрд.теңге бөлінді.
Ұлттық холдингпен аймақта 12,8 млрд.теңге сомасына, 753 жұмыс орындарын құрумен 36 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның 9,89 млрд.теңге сомасына, 655 жұмыс орнын құрумен 24 жоба іске қосылды.
60-тан астам Қостанай облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері астаналық жәрмеңкеге 50 тоннаға жуық ет және ет өнімдерін, 150 тоннаға жуық көкөніс өнімдерін және басқа да азық-түлік тауарларын әкеледі. Қостанай облысының агробизнесін дамытуға "ҚазАгро" Ұлттық холдингінің қаржы институттары ағымдағы жылдың басынан 19,3 млрд.теңге бағыттады. 2013 жылы бұл көрсеткіш 31,1 млрд.теңгені құрады.
Аграрлық несие корпора- циясы арқылы 2014 жылы 1805,5 млн.теңгеге 14 несиелік серіктестер қаржыландырылды. Холдингің басқа еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 584 шағын және орта бизнес субъектілері 1 млрд. теңгеге шағын несиелерге қол жеткізді, оның ішінде "Жұмыспен қамту–2020" бағдарламасы арқылы – 887,1 млн.теңгеге 448 шағын несиелер.
Облыстың аграршыларымен 4,8 млрд.теңгеге 264 бірлік техниканы иеленуге келісім-шарттар жасалды. Облыс бойынша "ҚазАгро" Холдингінің инвестициялық қоржынында 30,6 млрд.теңге сомасына 41 жоба бар. Оның бүгінгі күні 27,5 млрд.теңге сомасына 35 жоба іске қосылды. Нысандарды қосумен 899 адам жұмыспен қамтылды.