“Туған жердің ақыны”

Халықтың біртуар перзенті Нұржан Наушабайұлының 155 жылдық мерейтойына орай қалалық құрылымдық кітапхана бөлімінің кітапханашылары мәдени шара ұйымдастырды. "Туған жердің ақыны" атты кеш ақын  атындағы Затобол орта мектебімен онлайн-конференция түрінде өтті.
Іс-шараға Нұржан Наушабайұлының  арабша жазылған өлеңдерін қазақшаға аударған, Марал ишан атындағы мешіттің наиб имамы Бақытжан қажы, Нұржан Наушабаев  атындағы Затобол орта мектебінің өкілдері Жанбота Едресқызы, кадет сыныптарының меңгерушісі Баққали Бисенғалиұлы қатысты.
– Арнайы шақырылған қонақтарымыз  ақынның өлеңіне терең  талдау жасап, оқушыларымызға молынан ақпарат берді. Оқушылардың танымдық ой өрісін дамытуда сұрақ-жауап түрінде өткені орынды болды. Жастар өздерін толғандырған сауалға жауап алып, өткенге бет бұрды. Жастардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мәдени бас-қосу көп тәлім берді деп ойлаймын, – дейді кітапханашы Ботакөз Дүйсенбаева.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында әзірленген буклеттер іс-шараның соңында көрермендерге үлестірілді. 
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓