Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы

2014 жылғы қыркүйекте Қостанай облысы бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 18883 теңгені құрады
Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы – құнының шамасы бойынша ең төменгі деңгейдегі тұтыну қоржынына тең бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс.
Ең төменгі тұтыну қоржыны  заттай және құндық шағылудағы тауарлар мен қызметтердің ең аз жиынтығы. Ол азық-түлік қоржынынан (60%) және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің (40%) шығыстарынан тұрады.
Азық-түлік қоржынына 43 тамақ өнімдерінің атаулары: ет, балық, сүт, май-тоң май, нан, жеміс-көкөністер және олардың түрлері, жұмыртқа, қант, шай, дәмдеуіштер және басқа тағамдар кіреді.
2014 жылғы қыркүйекте 2013 жылғы желтоқсанға қатысты Қостанай облысы бойынша халықтың орташа жан басына ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 19,8% көтерілді, өткен айға – 5,5% төмендеді және 18883 теңгені құрады (тамақ өнімдері – 11330 теңге, азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтер көрсету – 7553 теңге).
Оның құрылымында ет пен ет өнімдерін сатып алуға кеткен шығыстар үлесі 18,0%, көкөністер мен жемістер – 15,7%, сүт, ірімшік пен жұмыртқа – 11,7%, нан және жарма өнімдері – 7,3%, май және тоң-май – 3,7%, қант, шай және дәмдеуіштер – 2,2%, балық – 1,4% алады.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓