Ринад Бектемиров: Жобаларды жүзеге асыруға септесеміз
"Есіктен есікке" акциясы аясында қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Бектемиров Ринад Вальтайұлы шағын аудандарды аралап, тұрғындарымен тілдесті.
Кездесу барысында кандидат үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Кездесу барысында кандидат үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
– Біздің басты мақсат – азаматтардың тұрмысын бүгінгіден де жақсарту түсу. "Nur Otan" партиясы жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй, коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ, қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған "Жұмыспен қамтудың жол картасы", "Құтты мекен", "Ауыл – ел бесігі" жобаларын іске асыруға септесетін болады, – деді Ринад Бектемиров.
Кандидаттың сөзін мұқият тыңдаған қала тұрғындары сұрақтар қойып, алдағы өзгерістер туралы білді.
«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.