Жерлестер жеңіске жақындады

Қостанайлық ағайынды әншілерден құралған BRO​ дуэті "Еуразия" арнасындағы "Х FACTOR" тележобасының ақтық сынына жолдама алды. БРООАраға апта салып, ақырғы айналым тікелей эфирге шығады. Финалға өткен әншілердің тағдырын телекөрермендер шешеді. Үміткерлер қатарында ағайынды Бекболат пен Айдар Жазықбаев бар. Олар аталмыш жобаның сынынан бірнеше ай бойы сүрінбей өтіп, Қазақстан жұртының көзайымына айналып келеді. Алғашқы күні-ақ BRO дуэтінің өзгеше өнерін әділқазылар құрамындағы Халық әртісі Нағима Есқалиева мен ресейлік MBAND тобының бұрынғы мүшесі Анатолий Цой ерекше бағалаған еді. Бекболат пен Айдар Цойдың командасына түсуді әуелден қалап, бұл тілектері қапысыз орындалды. Өйткені Цойға "Топтар" санатына тәлімгер болу бұйырған-ды. БроАл, енді, жерлестеріміз жартылай финалда шетелдік Westlive тобының әлемге танымал Soledad әнін орындап, төрешілерді тағы да таң-тамаша қалдырды. Осылайша, Жазықбаевтың әсерлі нөмірі ақырғы айналымға жолдама алып берді. BRO тобымен қоса А.Цой командасында қыздар квартеті және ерлер триосы қалып отыр. Бұл екі топ та Алматы қаласынан. Енді 6 күннен кейін "Еуразия" арнасында ең жауапты кезең – тікелей эфир басталады. Жеңіс үшін күрестің нағыз қызар шағы осы.img-20210102-wa0022"Дайындығымыз тас-түйін! – дейді Бекболат Жазықбаев. – Әрине, толқыныс та жоқ емес, қанша дегенмен тікелей эфирде қателік жіберуге қақымыз жоқ. Дегенмен біз ішкі қобалжысымызды байқатпауға тырысамыз. Нағыз әртістердің дарынды болуы аз, онымен қоса ұстамды, жауапты болуы шарт".
Жерлестерімізге жеңіс тілейміз! Тәтті үміттері сәттілікке ұлассын!
Суреттер "Инстаграмнан" алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓