Президент саясатын, партия ұстанымын қолдайды

ШагабутдиноваҚалалық мәслихат депутаттығына кандидат Наталья Шагабутдинова канвассинг форматында қала тұрғыны Шолпан Төлепқызы Құсайыновамен жеке үгіт жүргізді.
Әңгіме барысында Шолпан Төлепқызы өзі туралы айтып берді. Ол қай жерде жұмыс істесе де, табандылығымен, кәсібилігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен. Білетіндер оған әрқашан сыйластықпен қарайды. Көпшілік оны өте жауапты және әдепті жан ретінде жақсы таниды.
Жоғары экономикалық білім алып, 1981 жылдан 1986 жылға дейін Қостанай Ауыл шаруашылығы институтында мамандығы бойынша жұмыс істеді.
1998 жылы Заманауи гуманитарлық институтқа ауысып, онда заңгер міндетін атқарды. Ұзақ жылдар бойы ең жауапты қызметтерде істеді: облыстық қаржы бөлімі, облыстық салық комитеті, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша қаржылық берешектермен жұмыс жөніндегі орталық жұмыс орны болды. Бұл лауазымдардың деңгейі, қандай жауапты жұмыс екені көпшілікке белгілі.
"Шолпан Төлепқызы өз ісінде кездейсоқ адам емес. Тәжірибесі мен адалдығына, әдептілігіне ешкім күмән келтірмейді. Ол ақылына көркі сай қыз тәрбиелеп өсірді. Қарағандыдағы медицина университетін бітіріп, Қостанай қаласының емханасында балалар дәрігері болып жұмыс істеп жатыр. Анасы да, қызы да Президенттің саясатын және "Nur Otan" партиясының алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін әрдайым қолдайды", – дейді кандидат.

«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓