Серік Манасбаев: Бизнеске көрсетілген қолдау орасан
Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Манасбаев Серік Шотбайұлы тікелей эфирде "Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарын таныстырып, даму басымдықтарын атап өтті.

– Бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру үшін партия нені жоспарлап отыр?
– Жаңа бастаған кәсіпкерлер немесе жаңа ғана бизнес ашуды ойластырып жүрген адамдар үшін қандай мүмкіндіктер бар?
"Тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес дағдарыс жағдайында айтарлықтай қолдау алды:
– covid-19 пандемиясынан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау үшін жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы бойынша екінші деңгейдегі банктер 16,1 млрд-тан астам теңге көлемінде 81 кредит берді;
– 40,8 млн теңге 77 жаңа бизнес-жобаны құру үшін гранттарға қарастырылған;
– Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жобаларға 19,7 млрд теңге бөлінді, бұл 5 295 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді;
– 3 айға 109 коммуналдық меншік нысаны бойынша 18 млн теңге жалдау ақысы алынып тасталды;
– несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий енгізілді;
– зардап шеккен ЖК мен ШОБ кредиттері бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру енгізілді" – деп түсіндірді кандидат.

«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.