Асқар Жаркенов: Қалада үш жаңа балабақша салынады

Светлана Григорьевна – КСРО Ағарту ісінің үздігі, ҚазССР халық ағарту ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, Қазақстан Республикасы Педагогика ғылымдары академиясының құрметті мүшесі, педагогикалық еңбек ардагері.
Ол облыстық партия комитетінің (1984-1986 жж.) және Қостанай облысы білім басқармасының (1986-1995 жж.) ғылым және оқу орындары бөлімінің басшысы болды. Педагогикалық және басшылық қызметтегі жалпы еңбек өтілі 53 жылды құрайды.

– Юбилейный шағын ауданында 1200 орындық мектеп салынса, Қонай шағын ауданында 900 орындық, ал Берекеде 3260 орындық білім ошақтары бой көтеріп жатыр. Сонымен қатар, 7 мектеп пен 5 балабақшаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында орындарды 965 орынға ұлғайту есебінен 3 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтамасыз ету үшін Юбилейный, Береке, Қонай шағын аудандарында 840 орындық 3 жаңа балабақша салу және білім беру ұйымдарында 125 орындық толық күндік 2 шағын орталық ашу көзделген. 2025 жылға дейін барлық мектептерді НЗМ стандарттары бойынша оқу кабинеттерімен және зертханалармен кезең-кезеңімен жарақтандыру, – деп кандидат жасалған және атқарылар жұмыстарға тоқталып, қала тұрғынын 10 қаңтардағы сайлауда дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.