Иван Скородиевский: Банк саласындағы жағдай – басты назарда

– Мен Петр Семеновичпен 2018 жылдан бері жақсы таныспын және бірнеше рет кездесіп, түрлі тақырыптарда әңгімелескен едік. Оның танымы мен ойлау қабілеті зор, өмірге деген көзқарасы оң, қаламыздың, еліміздің тағдырына алаңдап жүретін азаматтың бірі, – дейді Иван Иванович.
Петр Семенович Рыбкин 1931 жылы туған, Ленин ауданының (қазіргі Ұзынкөл ауданы) тумасы, еңбек жолын Преснегорьков Орталық жинақ кассасында бастаған.
Елу жылдық еңбек жолында ол әр түрлі басшылық лауазымдарда және 22 жыл Мемлекеттік жинақ еңбек кассасында, облыстық басқарманың бастығы болып жұмыс істеді, оның қарамағында 1300-ден астам адам қызмет етті.
Ол облыстың банк жүйесіне елеулі үлес қосты, Халық банкінің аудандық бөлімшелерінің көпшілігі оның басқару кезеңінде құрылды. Ол өзіне де, қызметкерлеріне де өте мақсатты және талапшыл адам. Оның жетекшілігімен қостанайлық бөлімше жеті рет Бүкілодақтық әлеуметтік жарыстың жеңімпазы атанды. Республика бойынша көрсеткіштер үшінші орыннан төмен түскен жоқ.

«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.