ШАҢҒЫ БАЗАСЫ АШЫЛДЫ

Тобыл-Торғай жұртшылығына жаңажылдық тағы бір тамаша тарту. Қостанай қаласында шаңғы базасы ашылды. Көп күттірген оқиғаға обыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы барып қатысты.134909490_783900035540658_7349828613860442429_o
Шаңғы базасы "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында салынды. Спорт нысанында ұзындығы 2,5 мың метрге жететін асфальт-бетон төселген шаңғы роллер жолы бар. Сапалы жарақтандырылған әрі жағалай жарықтандырылған арнайы трасса жыл бойы үздіксіз оқ-жаттығу процесін жүргізуге мүмкіндік береді.135221142_783900128873982_3288834965917264019_o
"Қостанай облысы Қазақстан Республикасында қысқы спорт түрлерінен алдыңғы сапта тұрады. Қостанайлық спортшылар олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құраманың құрамын тұрақты түрде толықтырып отырады. Сондықтан осындай шаңғы базасының ашылуы даңқты спортшыларымыздың дәстүрлі жолын жалғастыратын жас буынның қалыптасуына үлкен серпін береді деп сенеміз", – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбтов. 135031860_783900082207320_2736618532691033159_o
Сондай-ақ, база аумағында әкімшілік корпус бар. Онда алты киім ауыстыру және жуыну бөлмесі, әмбебап жаттығу залы, уқалау кабинетімен қоса ширату блогы, медициналық кабинет және тамақтану нысаны орналастырылған.
Мамандардың айтуынша, шаңғы базасы базасы 300 бала мен жеткіншектің шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓