Медицина басты назарда
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Олег Даниленко және Альмира Жансүгірова Әулиекөл ауданының медицина қызметкерлерімен кездесті.
Олар ұжымға партияның алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасын және партияның жұмыс жоспарын ұсынды. «Nur Otan» партиясы қызметінің басты басымдықтары және адам денсаулығы мен әл-ауқаты болып қала беретінін айтты. Сондықтан сайлауалды бағдарламада денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Мәселен, ауылдық медицинаны материалдық-техникалық және көлікпен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын тұрғындар үшін дәрілердің қолжетімділігі мәселелері кезең-кезеңімен шешілетін болатыны туралы атап өтілді. Коронавирустық инфекциямен күресуге бағытталған материалдық-техникалық жарақтандыруға, дәрілік заттармен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен жыл сайын қаражат бөлінетін болады. –COVID-19 пандемиясы Денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қауіп төндірді. Бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек. Орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады. Жұмыста коронавирустық инфекциямен күресу кезінде алынған тәжірибе қолданылады, — деді үміткерлер.
Кездесу соңында Олег Даниленко мен Альмира Жансүгірова барлығын 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға және «Nur Otan» партиясына өз дауысын беруге шақырды. Әулиекөл аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері сайлау алдындағы үгіт іс-шараларының заңдылығы мен регламентінің сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Барлық талаптар орындалды.
"Nur Otan" партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.